Көліктегі ПД-да I-тоқсандағы жедел қызметтің қорытындысы шығарылды

Көліктегі ПД-да I-тоқсандағы жедел қызметтің қорытындысы шығарылды

Бүгін, Көліктегі полиция департаментінде  жедел кеңес өтті. Онда ведомство қызметінің 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары талқыланды. Оған Департамент басшылығы мен аппарат қызметінің бастықтары, сондай-ақ онлайн режимде қосылған желілік бөліністердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Департаменттің қылмысқа қарсы күрес бойынша басым міндеттерді іске асыру, еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстың жай-күйі, полицияның қоғаммен тиімді өзара іс-қимылының аспектілері талқыланды.

Өз сөзінде Департамент бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев ҚР Президенті мен ішкі істер министрлігінің тапсырмаларын орындау бойынша негізгі міндеттерді, яғни, жазаның бұлтартпаушылығы, кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын және көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді атап өтті.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.С. Сәденовтің тапсырмасы бойынша 2024 жыл кадр әлеуетін көтеру жылы болып жарияланды. Осыған байланысты, кадр саясатын жетілдіру, дағдарыс жағдайлары кезінде жеке құрамның қызметтік-жауынгерлік даярлық деңгейі және жеке құрам арасында тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір полиция бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиын соңында Б. Малыбаев желілік бөлімшелер мен аппарат қызметтерінің бастықтарына қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресуде нақты тапсырмалар берді.