Масаң күйдегі әйел жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған - Көліктегі ПД

Масаң күйдегі әйел жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған - Көліктегі ПД

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 20 859 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде тыныштықты бұзғаны үшін – 55, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 1617.

Мәселен, Алматы-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызы Қызылорда облысы Шиелі станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсіріп алды.

Тексеру барысында полицейлер Қызылорда облысының 57 жастағы тұрғынын анықтады. Ол пойызда масаң күйінде болып, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталғаннан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және тыныштықты бұзу бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.