Жүк пойызы 16 бас ұсақ малды қағып кетті – Көліктегі ПД

Жүк пойызы 16 бас ұсақ малды қағып кетті – Көліктегі ПД

Ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жол төсемінде жануарлардың болуы себебінен – 1077.

Мәселен, ағымдағы жылдың 3 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен  соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежеу қолданды. Алайда, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 16 бас ұсақ малды қағып кетті.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Көлік полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелері темір жолдың бөлінген жолағында мал жаюға жол бермеуі, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да еске салады.