Бүгін, Көліктегі полиция департаментінде 25 Қазан - Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған департамент басшылығы, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Бұдан соң Департамент бастығы Бақытжан Малыбаев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды Ұлық мерекемен құттықтады. «Еліміз 30 жылдам астам уақыт ішінде өзінің даму тарихында таңғажайып серпіліс жасады. Қазақстандықтар бір кісідей жұмыла отырып, дамыған әрі қуатты мемлекет құрды. Бүгінгі күні бойына еркіндік сіңірген, оқыған, білімді-білікті, өздерінің игі істерімен елімізді күллі әлемге танытып жүрген жаңа ұрпақ өсіп келеді. Ендігі біздің мақсатымыз - мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайта отырып, азаматтардың құқықтарын қорғау», - деді Б. Малыбаев. Сондай-ақ, ведомство басшысы мерекелік басқосуға арнайы шақырылған ішкі істер органдарының ардагерлеріне шынайы алғысын жеткізді. «Сіздер саланың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыңыздар, зейнеткерлікке шықсаңыздар да әлі күнге дейін жас мамандарды отансүйгіштікке тәрбиелегеп, қызметтің қыр-сырына баулудан шаршамай келесіздер», - деді полиция полковнигі.
Мерекелік іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін көлік полициясының 170-ке жуық қызметкері ҚР ІІМ және Көліктегі ПД медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде Департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ренат Мұқаш Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Полиция майоры Р. Мұқаш 2015 жылдан бастап ІІО-да қызмет етеді. Ол үлгі тұтарлық полицей. Қызмет барысында бірнеше резонанстық қылмыстарды ашып бүгінгі марпатқа қол жеткізіп отыр.
Ал, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Қандығаш станциясындағы Желілік полиция бөлімі патрульдік полиция тобының полицейі полиция старшинасы Нұркен Есенжол марапатталды.
Мерекелік іс-шара көлік полицейлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.