«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Швеция азаматшасын Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұстады.
Көлік полицейлері Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 000 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, Қостанай станциясының теміржол вокзалында 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматы анықталып, ұсталды. Ол теміржол вокзалы ғимаратында жолаушыларды мазалап тиісіп, қайыр сұраған.
Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда шетелдік азаматтың мазалап тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Сот ер адамды үш тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.