Ерлі-зайыпты ресейліктер қос азаматтығы үшін елден шығарылды – Көлік полициясы

Ерлі-зайыпты ресейліктер қос азаматтығы үшін елден шығарылды – Көлік полициясы

Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі Көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғандары үшін Ресей Федерациясының 69 және 71 жастағы азаматтарын әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Ерлі-зайыптыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігімен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

«Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды», - деді полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден тыс шығарылды.