6 жылқы пойыз астына түсті

6 жылқы пойыз астына түсті

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде сағат 20.26-да Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөліміне Ақмола облысы «Қоржынкөл-Үленті» аралығында «Астана-Павлодар» бағытындағы электр пойыздының машинисі 6 бас жылқыны қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл факт Павлодар станциясындағы ЖПб-де тіркелген. Көлік полицейлер  жылқылардың иесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.