Көлік полицейлері ұзындығы 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адамды ұстады

Көлік полицейлері ұзындығы 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адамды ұстады

Ағымдағы жылдың сәуір айында бір топ адам арнайы техниканы пайдалана отырып, «Жезқазған-РЗД-1» станциясының аралығында ауыстырып төсеуге арналған жалпы ұзындығы 222 метр болатын рельсті ұрлаған. Сонымен қатар, 1600 метр темір жол төсемі зақымдалып, шығын сомасы 54 млн. теңгеден асты. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев айтты.

О.Бекеевтің айтуынша, осы жылдың 21 мамырында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды анықтап, ұстады.

Департамент бастығы ұсталғандардан заттай дәлелдемелер алынғанын айтты. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3 тармағы, яғни аса ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деді полиция генерал-майоры.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі