Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Көлік полицейлері Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірін ұстады

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Көлік полицейлері Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірін ұстады

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев хабарлады.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әуежайында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде жасалған қылмыстарды тергеумен айналысатын Көліктегі ПД-нің жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасын анықтап, ұстады.

«Ұсталған азаматтың ағымдағы жылғы 5 қаңтарда тәртіпсіздіктердің басқа қатысушыларымен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуежайына қарулы шабуыл жасағандығы, содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратына барғаны анықталды. Митингке қатысушылармен бірге полиция департаментінің ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауда ұстаған», - дедi полиция генерал-майоры.

Бұдан соң ол ұрланған қаруды белгісіз тұлғаға 40 мың теңгеге сатып жіберген.

«Қазiр ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомства басшысы.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі