Жаңа жыл қарсаңында көлік полицейлері пойыз жолаушыларын құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында көлік полицейлері пойыз жолаушыларын құттықтады

Бүгін, полиция полковнигі Сәкен Рахимов бастаған Арыс-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері осы мереке күні жолда келе жатқан қазақстандықтарды қуантуды шешті. Көлік полицейлері «Атырау-Алматы» бағытындағы пойызының бірнеше вагонына тұрақ кезінде жүріп өтіп, жолаушыларға Көліктегі полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамының атынан шайға тәтті сыйлықтар мен құттықтау хаттарын табыс етті.

«Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке, бірақ өмірде бәрі болады, сондықтан кей адамдар бұл мерекені үйде, жақындарының ортасында қарсы ала алмайды, - дейді Сәкен Рахимов. «Дәл осы адамдар жаңа жылды пойызда қарсы алады, біз оларды аз да болса қуантқымыз келді».

Жолаушыларға тәртіп сақшылары тарапынан сыйлықтар алу күптеген өте әсерлі тосынсый болды. Олар полицейлерге алғыс айтып, жұмыстарына табыс және бүкіл Қазақстанның гүлденуін тіледі.

 «Полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет, біз Атырау қаласының тұрғындарымыз, - дейді Ботагөз Егембердиева. – Жол үстінде сыйлықтар алу өте қуантарлық, күтпеген жағдай. Барлық тәртіп сақшыларына мықты денсаулық және жұмыста табыс тілеймін».

Өз кезегінде, көлік полицейлері барлық мереке күндері теміржол және әуе көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметте болады.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі