Көлік полицейлері 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын жасады

Көлік полицейлері 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын жасады

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Онда 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары талқыланып, Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру аясында көлік полициясының міндеттері айқындалды. Оған департамент аппаратының қызмет бастықтары мен аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кеңесті ашқан Оңал Бекеев Департамент «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және полицияның сервистік моделін іске асыру шеңберінде Ел Президенті мен Ішкі істер министрлігі қойған міндеттерді орындау бойынша қажетті шаралар қабылдап жатқанын айтты.

 Жалпы, 2021 жылы қабылданған шаралар республиканың әуе және теміржол көлігі нысандарында тұрақты жедел жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Департаменттің қызмет көрсету аумағында осы жылы барлығы 1566 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 794 қылмыс және 772 теріс қылық. Жалпы қылмыстың ашылуы 88,6% құрады.

Кешенді ұйымдастырушылық-практикалық шаралар нәтижесінде бұзақылық сияқты қылмыстардың саны 26,7%-ға, алаяқтық 32,8%-ға және т.б. төмендеді, ұрлық қылмыстарының негізгі түрін ашу 83,8%-ға дейін жақсарды.

Есепті мерзім ішінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты бойынша көлік полицейлері 74 қылмысты тіркеп, 160 кг-нан астам түрлі есірткі құралдарын тәркіледі. «Телеграм» мессенджері арқылы синтетикалық есірткіні өткізумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Сондай-ақ, көлік сақшылары түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 40756 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 108 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды.

«Ағымдағы жылы біз 1776 рейдтік іс-шара, оқу орындарында 1358 дәріс өткіздік. Аумақтық бөліністердің қызметкерлері халықпен жүйелі түрде жиындар өткізіп тұрады, биыл мыңнан астам кездесу өткізілді. Пойыздарда жиі «жол үстіндегі кездесу» өткізіледі, онда жолаушыларға аса қауіпті аймақтарда жүріп-тұру ережелері түсіндіріледі. Соған қарамастан, теміржолдарда жарақат алу әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр», - деді  О. Бекеев. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері Департаменттің қызмет көрсету аумағында теміржол көлігінің адамдарды қағып кетудің 100-ден астам фактісі тіркелген. Нәтижесінде, 66 адам қайтыс болған, оның ішінде 6-уы кәмелетке толмағандар. Осыған байланысты көлік полицейлері профилактикалық іс-шараларды, түсіндіру, ата-аналарды ескерту жұмыстарын күшейтулері тиіс. Әсіресе, теміржол маңында тұратын оқушылар мен ата-аналардың қауіпсіздігіне айырықша көңіл бөген жөн.

Кеңесті қорытындылай келе, еліміздің бас көлік полицейі аумақтық бөлініс басшыларының алдына теміржол көлігін пайдаланатын азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде міндеттер қойып, көліктегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударды.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі