
Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаев полиция департаменттерінің ең үздік деп танылған баспасөз қызметкерлеріне ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Руслан Алишевтің алғыс хаттарын өз қолымен табыстады.
Марапатталғандардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Түркістан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының полиция департаменттері баспасөз қызметтерінің басшылары, сондай-ақ Көліктегі ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы - баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова да болды.
Л. Қасымжанованың мамандығы журналист. Ләззат Бақашқызы республикалық БАҚ-тарда еңбек еткен білікті маман.
Көліктегі ПД-де 2012 жылдан бері қызмет етеді. Ол бұған дейін де ішкі істер органдары қызметкерлерінің имиджін нығайту жолындағы адал еңбегі және ақпарат саласына қосқан сүбелі үлесі үшін бірнеше рет марапатталған.
Басқосуда баспасөз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара ықпалдастықтығы және Орталық коммуникациялар қызметімен жемісті іс-қимыл жүргізгендері айрықша аталып өтілді.