Көлік полицейлері Түркия азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салды

Көлік полицейлері Түркия азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салды

Түркістан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Fly Arystan» әуе компаниясының өкілінен «Стамбұл-Түркістан» бағытындағы әуе рейсінің жолаушылары арасында құқық бұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Ұшып келген бойда актімен жолаушы полицейлерге тапсырылды.

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында темекі шеккен Түркия Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы жылдың 3 қыркүйегінде «Ақтау-Алматы» бағытындағы әуе кемесінің бортында осындай жағдай орын алды.

Бұл жолы Маңғыстау облысының 18 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және құқық бұзушыға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 26 201 азаматты, оның ішінде темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 583 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі