Көлік полицейлері теміржол ұйымының 46 жастағы жұмысшысына қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін айыппұл салды

Көлік полицейлері теміржол ұйымының 46 жастағы жұмысшысына қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін айыппұл салды

«Көлік полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, еліміздің теміржол және әуе көлігі нысандарындағыі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер мен акциялар өткізеді», - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Оның айтуынша, Алматы облысына қарасты Алтынкөл станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері патрульдеу кезінде жұмыс орнында мас күйінде болған 46 жастағы теміржолшы азаматты анықтап, ұстаған. Оның Ынталы разъезіндегі тәуліктік наряд кезекшісі екендігі анықталды. Ер адамның жұмысқа мас күйінде келгені және жұмыс орнында спирттік ішімдіктер ішкені анықталды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол «орташа дәрежедегі» масаң күйде болған.

«Полицейлер құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - деп толықтырды сөзін полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 6 айында 23 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, атап айтқанда, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 1 005, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін - 498, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін - 896, қоғамдық орындарда тиісу үшін – 1 191, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келгені үшін – 2 354 тұлға және т.б.

 

Көліктегі полиция Департаментінің баспасөз қызметі