Көлік полицейлері т/ж қызметкерінен дәстүрлі емес ислам идеяларын жариялайтын аудио дәрістерді анықтады

Көлік полицейлері т/ж қызметкерінен дәстүрлі емес ислам идеяларын жариялайтын аудио дәрістерді анықтады

Көлік полицейлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде 1984 жылы туған азаматтан әлеуметтік желіде дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттаған аудио дәрістерді сақтау фактісін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов хабарлады.

Оның айтуынша, тексеру барысында полицейлер аталған азаматтың теміржол ұйымдарының бірінде жұмыс істейтінін және деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігін анықтады.

«Дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша аудиожазбаның Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.

Алматы облысы Алакөл аудандық сотының шешімімен жоғарыда аталған құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК  453-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК көлемінде, яғни 291 700 теңге әкімшілік айыппұл салынды»,- деді полиция полковнигі.

Діни мазмұндағы материалдарды әлеуметтік желілерде сақтау және тарату әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске саламыз.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі