Көлік полицейлері темір жол көлігімен есірткі заттарын тасымалдаумен айналысатын адамдар тобын ұстады

Көлік полицейлері темір жол көлігімен есірткі заттарын тасымалдаумен айналысатын адамдар тобын ұстады

Ағымдағы жылдың ақпан айында көлік полицейлері арнайы іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей және Екібастұз қалаларының аумағында теміржол көлігі арқылы есірткі заттарын тасымалдаумен айналысатын адамдар тобын анықтап, ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев хабарлады.

Оның айтуынша, психотроптық заттарды сатуды әлеуметтік желілерде жасырын-орындар арқылы «FaskGood» атты интернет-дүкенде ұйымдастырған.

«Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік дозалы психотроптық заттар, сондай-ақ оларды өлшеп-орауға арналған құрылғылар тәркіленіп, алынды.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді полиция полковнигі.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректерді жариялауға жол берілмейді», - деп түйіндеді сөзін О. Бекеев.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі