"Халық алғысы" медальімен марапатталды

"Халық алғысы" медальімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың жарлығымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ пандемиямен күрес

саласындағы жемісті жұмыстары үшін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің екі қызметкері марапатталды.

Көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Талғат Рахметов пен Автошаруашылық қызметінің фельдшері Любовь Осипова марапатқа лайық деп танылды.

Бұл жоғары марапатты, яғни, "Халық алғысы" медальін Департамент бастығы полиция полковнигі Оңал Бекеев өзі табыс етті. Оңал Ботайұлы марапат иелерін құттықтап, олардың еңбегіне табыс тіледі. «Сіздер елде орын алған қиын кезеңде күн-түн демей аянбай еңбек еттіңіздер. Бұл қызметтеріңіз – ел игіліне арналды. Бұдан былай да дендеріңіз сау болып, абыройдың биігінен көріне беріңіздер»,-деді полиция полковнигі.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі