Жалпы салмағы 600 кг асатын ферроқорытпа өнімін ұрлағаны үшін көлік полицейлері Ақсу-1 теміржол ұйымының қызметкерін ұстады

Жалпы салмағы 600 кг асатын ферроқорытпа өнімін ұрлағаны үшін көлік полицейлері Ақсу-1 теміржол ұйымының қызметкерін ұстады

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Павлодар  станциясының аумағында 31-жастағы азаматтың басқаруындағы  «Ауди-С 100»  маркалы  автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында ұсталған азамат Ақсу-1 станциясының ВЧД-16 жұмысшысы болып шықты. Көлік полицейлері автомашинаның салонынан 18 полипропилен қапшығына салынған ферроқорытпа өнімін тауып, тәркіледі. Тәркілегнген заттардың жалпы салмағы 639,7 кг, ал  құны 361 231 теңгені құрады.

Аталған факті ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай жүйесіне тіркелді.

Павлодар қаласының № 2 қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен аталған азамат қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп танылып, ол мерзімі 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі