Көлік полицейлері ШҚО тұрғынынан «экстракциялық опий» есірткі затын тәркіледі

Көлік полицейлері ШҚО тұрғынынан «экстракциялық опий» есірткі затын тәркіледі

Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Шемонаиха темір жол станциясының ауданынында 33 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Әйел азамат темір жол бойын белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Тексеру барысында оның сыртқы киімінің оң жақ қалтасынан ішінде қою қоңыр түсті сұйықтық бар медициналық шприц табылып, тәркіленіп алынды. Әрі қарай ол есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша күдікті ретінде ұсталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бір реттік шприцтің ішіндегі сұйықтықтың құрамында есірткі опийлі алкалоид – морфин бар екендігі және ол «экстракциялық опий» есірткі затының ерітіндісі екенігі анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Шығыс Қазақстан облыстық Шемонаиха аудандық сотының шешімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы кесілді.

Өскемен-1 ст. ЖПб