Көлік полицейлері «героин» есірткі затын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін бір топ адамды ұстады

Көлік полицейлері «героин» есірткі затын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін бір топ адамды ұстады

Нұр-сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Көліктегі полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтаған және өткізген бір топ адамдарды анықтап, ұстады. Ұсталғандар елорданың 36, 39, 40, 45 және 47 жастағы тұрғындары болып шықты. Олардың арасында бұрын бірнеше рет ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотты болғандары да бар. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тексеру барысында олардан ақшыл-сарғыш түсті зат табылған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 87 граммды құрайтын «героин» есірткі заты екендігі белгілі болды.

«Көлік полицейлері ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау және ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, яғни, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Нұр-сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен құқықбұзушылар аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылдан 11 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды», - деді полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көлік полициясы есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 77 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 10 өткізу фактісі, 2 аса ірі көлемде сақтау және 1 есірткі контрабандасын тасымалдау.

Заңсыз айналымнан 13 кг-нан аса түрлі есірткі заттары тәркіленді.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі