Түркия азаматшасы қос ел азаматтықтығын пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркия азаматшасы қос ел азаматтықтығын пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Анталья-Алматы» әуе рейсімен ұшып келген Қазақстан Республикасы мен Түркияның қос ел азаматтығы бар 1987 жылы туған азаматшаны анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі, яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша Түркияның аталған азаматшасы 5 жыл мерзімге ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлерімен ҚР ІІМ Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында  қос ел азаматтығы бар 3 азамат анықталды, олардың 2-еуі Түркия, ал 1-еуі АҚШ – мемлекетінің азаматы.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі