Өскемен-1 ст. ЖПб қызметкерлерімен қылқан ағаш түрін тасымалдаған әйел ұсталды

Өскемен-1 ст. ЖПб қызметкерлерімен қылқан ағаш түрін тасымалдаған әйел ұсталды

Ағымдағы жылдың 15 мен 31 желтоқсан аралығында Өскемен-1 ст. Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында балауса қылқан ағаш түрлерін заңсыз кесудің, дайындаудың, тасымалдаудың және сатудың жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс шаралар өткізілуде.

Аталған шара шеңберінде Өскемен-1 ст. ЖПб  басшылығымен темір жол вокзалдарында, перрондарда және жолаушылар поездарында оларды тасымалдау және сату заңдылығы мәніне бақылау күшейтілуде.

Мәселен, 2020 жылы 20 желтоқсанда Өскемен-1 ст. ЖПб қызметкерлерімен Өскемен-1 темір жол вокзалын тексеру барысында «Риддер-Өскемен-1» бағытындағы жолушылар поезының келу уақытында 38 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру барысында одан рұқсат құжаттарынсыз балауса қылқан ағаш түрі тәркіленіп алынды.

Аталған факт Өскемен-1 ст. ЖПб-ның АЕК тіркелді.

Материал процессуалды шешім қабылдау үшін ШҚО ПД Риддер қ. полиция бөліміне жіберілді.