Көлік полицейлері мен прокурорлар вандализм мен заңсыз граффитидің алдын алу бойынша профилактикалық рейд өткізді

Көлік полицейлері мен прокурорлар вандализм мен заңсыз граффитидің алдын алу бойынша профилактикалық рейд өткізді

Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе көлік прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, қызмет көрсету аумағында профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейдтің негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымы нысандарына рұқсатсыз жазулар мен граффити салуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.

Профилактикалық іс-шара барысында вокзал аумағының периметрі, жолаушылар перрондары, пойыздар құрамы және оған іргелес жатқан нысандар тексерілді. Заңсыз жазулар салу немесе мүлікті бүлдіру фактілері анықталған жоқ.

Уақтылы жүргізілетін профилактикалық шаралар мен тұрақты мониторинг көлік нысандарындағы ахуалды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын, «Заң мен тәртіп» қағидатын және кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді. Көлік полицейлері мен прокуратура қызметкерлері теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды тұрақты түрде тексеру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.

Қасақана жазулар салу, көліктегі мүлікті бүлдіру және инфрақұрылым нысандарына зақым келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Тәртіп сақшылары азаматтарды, әсіресе жастарды, көлік нысандарындағы тәртіп ережелерін сақтауға, мемлекеттік және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырады. Сондай-ақ кез келген құқыққа қайшы әрекет үшін заңда көзделген жауаптылықтың міндетті түрде қолданылатынын еске салады.