Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасы бойынша Көліктегі полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері бойынша жеке құраммен кездесу өткізілді.
ҚР ІІМ Аппарат басшысының орынбасары – Ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев Министр жүктеген міндеттерді жеткізіп, сайлау науқаны кезеңінде қызметкерлердің іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті сақтауға баса назар аударылды.
Жиынға Көліктегі полиция департаментінің барлық басшылығы мен жеке құрамы, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.