
2026 жылғы 20–31 шілде аралығында Конаев станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – атыс қаруын қолданумен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымын анықтау, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қарудың сақталуы мен пайдаланылуына қойылатын заңнама талаптарының орындалуын бақылау.
ЖПІШ аясында қару иелері, қаруды пайдаланатын заңды тұлғалар және мамандандырылған қару-жарақ дүкендері тексерілуде. Сонымен қатар қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Конаев станциясындағы көліктегі полиция бөлімі азаматтарды қару айналымы саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.