ТЕМІР ЖОЛ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕМІР ЖОЛ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Достық станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жарас Әбдіқайымов Ақтоғай кенті әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен темір жол әскерилендірілген күзет қызметі мен темір жол ұйымдарының басшыларымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында өткізіліп жатқан «Қарасора» және «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында көлік объектілерінде есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізудің алдын алу мәселелерін талқылау болды.

Сонымен қатар, кездесуде тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, шұғыл тежеу жағдайлары мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері қаралды.

Кездесу барысында өзекті проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды. Нәтижесінде тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде бірқатар келісімдерге қол жеткізді.