Полиция капитаны Премьер-Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Полиция капитаны Премьер-Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігі мен Көліктегі полиция департаментінің түрлі наградаларымен 200-ден астам қызметкер мен ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы LRT-дегі полиция бөлімінің қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Нұрсұлтан Жанғабылов та бар.

Нұрсұлтан Жанғабылов ішкі істер органдарындағы қызметін 2013 жылы бастаған. Ал Көліктегі полиция департаментінде 2019 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қызмет барысында өзін кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол және өз ісіне адал қызметкер ретінде көрсете білді.

Кәсіби мереке күні полиция капитаны Нұрсұлтан Жанғабылов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптестері арасында сый-құрметке ие қызметкер отбасында төрт бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке.