«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Акция барысында қызметкерлер ағаш отырғызып, табиғатты сақтау мен абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, экологиялық ахуалды жақсартуға және жасыл желекті көбейтуге бағытталған.