«Адал азамат» күні: Көліктегі полиция департаментінде ұрпақтар сабақтастығына арналған кездесу өтті

«Адал азамат» күні: Көліктегі полиция департаментінде ұрпақтар сабақтастығына арналған кездесу өтті

Көліктегі полиция департаментінде «Адал азамат күні» аясында жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты ішкі істер органдары ардагерлері мен Тәлімгерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ІІО қалыптасуы мен даму тарихын зерделеу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қазақстандық полицияның рөлін түсіндіру, сондай-ақ «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу болды.

Кездесуге Көліктегі ПД бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов және Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Гайдар Жағыпаров қатысты.

Спикерлер өз сөздерінде ІІО қалыптасу кезеңдері, қызметтің жауапкершілігі мен ерекшеліктері, қызметтік дәстүрлердің маңыздылығы және жас қызметкерлердің бойында адалдық, кәсібилік, отансүйгіштік пен жоғары моральдық қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Ардагерлер мен тәлімгерлер көпжылдық тәжірибелерімен бөлісіп, жас полицейлерге кәсіби қызметте заңдылықты, тәртіпті және азаматтарға адал қызмет етуді басты қағидат ретінде ұстанудың маңызын атап өтті.

Мұндай кездесулер тәртіп сақшыларының кәсіби және адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына ықпал етіп, ІІО қызметкерлері арасында сабақтастық дәстүрін нығайтуға қызмет етеді.