Көліктегі полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті

Көліктегі полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті

Бүгін Көліктегі полиция департаментінің бастығы Абзал Жұматаев ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында полиция мен ардагерлер ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, кәсіби тәжірибені жас буынға жеткізу және ішкі істер органдарындағы сабақтастық дәстүрлерін нығайту мәселелері талқыланды.

Ардагерлер профилактикалық жұмысты жетілдіру, жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру және полиция қызметінің беделін арттыру жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, ардагерлерді әлеуметтік қолдау және олардың көліктегі полиция бөліністерінің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында ішкі істер органдарының ардагері Тұрар Әбішов «Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталды. Ол қылмыстық іздестіру қызметінде 25 жыл еңбек етіп, Қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан зейнеткерлікке шыққан. Ардагердің ұзақ жылғы мінсіз қызметі мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі лайықты бағасын тапты.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген А. Жұматаев ардагерлердің қызметтің озық дәстүрлерін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Сіздер баға жетпес кәсіби тәжірибенің және жоғары адамгершілік құндылықтардың иесісіздер. Көлік полициясының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестеріңіз зор құрметке лайық. Біз үшін сіздермен тұрақты диалог орнату, пікірлеріңізді ескеру және жинақтаған тәжірибелеріңізді жас қызметкерлерді тәрбиелеу ісінде пайдалану аса маңызды», – деп атап өтті полиция полковнигі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қызметтік дәстүрлерді нығайтуға, профилактикалық қызметтің тиімділігін арттыруға және көліктегі ішкі істер органдарында тәлімгерлік институтын дамытуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.