Көлік полицейлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Көлік полицейлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Бүгін, 4 маусым күні, Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл мереке еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, ұлттық бірлігі мен тұтастығын айшықтайтын маңызды күн.

Осы атаулы мерекеге орай Көліктегі полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Ведомствоның жеке құрамы әкімшілік ғимарат алдында сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Мемлекеттік Гимннің әуенімен салтанатты түрде көтерілді.
Департамент бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысып, жиналғандарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл мерекенің халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігі мен қуатын білдіретін ерекше күн екенін атап өтті.
«Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншілік пен оның құндылықтарына адалдықтың айқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бізді ел игілігі жолында адал қызмет етуге жігерлендіріп, мемлекетіміз бен оның жетістіктерін мақтан тұту сезімін нығайтады», – деді полиция полковнигі.

Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды. Бұл ұжымның бірлігі мен тәртібін, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсеткен тағылымды рәсім болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған осындай салтанатты іс-шаралар Департаменттің барлық аумақтық бөлімдерінде өтті.