Көліктегі полиция департаменті «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Көліктегі полиция департаменті «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Көліктегі полиция департаменті 25-28 мамыр аралығында қызмет көрсету аумағында «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз айналымдағы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қаруларды анықтау және тәркілеу.

ЖПІШ аясында көліктегі полиция бөліністері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қаруды қолданумен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және айналымға жіберу деректерінің жолын кесуге бағытталған профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Сонымен қатар, көліктегі полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және айналымға жіберу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне белсенді атсалысуға шақырамыз.