
Түркістан станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері қызмет көрсету аумағында 2026 жылғы 17-25 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – көлік объектілерінде апаттылық жағдайлардың, құқық бұзушылықтардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жолаушыларға, балалар мен жасөспірімдерге темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігін түсіндіріп, темір жол нысандарында жүру қағидалары мен қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Тәртіп сақшылары азаматтарды темір жолдан тек белгіленген орындар арқылы өтуге, қозғалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға және кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.