Әке жолын жалғаған криминалист: кәсіби сабақтастық пен жауапкершілік үлгісі

Әке жолын жалғаған криминалист: кәсіби сабақтастық пен жауапкершілік үлгісі

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін маңызды міндет. Осы абыройлы жолды таңдағандардың бірі – Көліктегі полиция департаменті Достық станциясындағы жедел-криминалистикалық топтың криминалисі, полиция лейтенанты Джамалов Самат Талғатұлы.

Самат Талғатұлы құқық қорғау саласына деген қызығушылықты бала кезінен бойына сіңірген. Оның әкесі, Джамалов Талғат Ағабекұлы, 1962 жылы дүниеге келген, 1993–2008 жылдар аралығында ҚР ІІМ Шымкент қаласындағы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында қызмет атқарып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге зор үлес қосқан тәжірибелі полиция қызметкері. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста.

Бүгінде Самат Джамалов күрделі қылмыстарды ашуға белсенді қатысып, заманауи криминалистикалық әдістерді қолдану арқылы дәлелдемелерді зерттеумен айналысады. Оның негізгі міндеттері – оқиға орнын мұқият тексеру, айғақтарды жинау және ғылыми тәсілдер арқылы объективті шындықты анықтау.

Әке жолын жалғастыру Самат үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Осындай кәсіби сабақтастық пен адал қызмет – қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің берік негізі.