Павлодар станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде Ашық есік күні өтті

Павлодар станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде Ашық есік күні өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Көліктегі полиция департаментінің Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінде «Полиция – халыққа қызмет етеді» тақырыбымен Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен өзара сенімді нығайту және жас ұрпаққа құқық қорғау органдарының жұмысын таныстыру болды.
Ашық есік күні барысында оқушылар көліктегі полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысып, құқық қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығы туралы кеңінен мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушыларға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және елге қызмет етуге деген қызығушылығын оятуға бағытталған.
Полиция әрдайым халықпен бірге және қоғам тыныштығын сақтау жолында қызмет етеді.