
Шымкент станциясындағы Көліктегі полиция басқармасының патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Смайылов Сырлыбек Дауренбекұлы 2019 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді.
Оның жұмыс күні ерте басталып, қарбалас қызметпен жалғасады. Жедел шақыртуларға әрекет ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық іс-шаралар мен рейдтерге қатысу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – күнделікті міндеттерінің негізгі бөлігі.
Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетіп, қысқа уақыт ішінде шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін тәуекелге баруға дайын тұрады.
Күн бойғы жауапты қызметтен кейін оның ең маңызды сәті – отбасы ортасына оралу. Жұмыс күнінің соңында жақындарымен қауышу, отбасылық жылулық пен тыныштық қызметтегі ауыр жүктемені жеңілдетіп, жаңа күш береді.
Осындай тынымсыз еңбек қоғамның полицияға деген сенімін нығайтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосады.
Көлік полицейлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе және теміржол нысандарында тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастыруда.