«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2026 жылғы 27–29 сәуір аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – көлік нысандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін күшейту.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері теміржол вокзалдарында, әуежайларда және жолаушылар пойыздарында бақылауды күшейтеді. Құжаттарды тексеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, іздеуде жүрген тұлғаларды анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.