
Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Көліктегі полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлері сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шара барысында департаменттің аумағы мен оған іргелес жатқан Есенберлин және Затаевич көшелерінің бойы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Департамент аумағына көшеттер отырғызылып, оларды күтіп-баптау жұмыстары қолға алынды.
Аталған акция – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қала тазалығын сақтауға және тұрғындарды табиғатты қорғауға шақыруға бағытталған маңызды бастама.
Көліктегі полиция департаменті алдағы уақытта да экологиялық шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.