Қонаев станциясында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Қонаев станциясында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Қонаев станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде «Заң мен Тәртіп» тақырыбында тәлімгерлер мен жас мамандарға арналған тағылымдық кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жас мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ кәсіби дағдыларды жетілдіру.

Кездесу барысында тәлімгерлер қызметтік тәртіпті сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және азаматтармен жұмыс істеу мәдениеті бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандарға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай тағылымды кездесулер жас қызметкерлердің кәсіби дамуына ықпал етіп, тәлімгерлік институтының жауапкершілігін арттыруға және ұжымдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға мүмкіндік береді.