«Профилактика күні» апталық акциясы аясында Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Аталған жұмыстар жолаушылар пойыздарында, сондай-ақ Түлкібас, Бадам және Манкент станцияларындағы теміржол вокзалдарында жүргізілуде.
Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері теміржолға жақын орналасқан тұрғындармен кездесулер өткізіп, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ теміржол көлігіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін түсіндірді. Азаматтарға теміржол өткелдерінен өту және жол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау талаптары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жолаушылар пойыздарында жолаушылармен жеке мүліктің сақталуы, ұрлықтың алдын алу және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықбұзушылықтардың деңгейін төмендетуге және көлік инфрақұрылымындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасы бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.