
Павлодар станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы мен тәлімгерлік мәселелеріне арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәжірибелі қызметкерлер, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагері Е.Б. Құнанбаевтың қатысуымен жас әріптестермен өз білімдерімен, қызметтік тәжірибелерімен және практикалық дағдыларымен бөлісті. Кездесу жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және олардың қызметке бейімделуіне бағытталды.
Кездесу аясында заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, сондай-ақ жоғары моральдық және кәсіби қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, көліктегі полиция қызметінің ерекшеліктері, теміржол инфрақұрылымындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау және көлік ұйымдарының қызметкерлерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау мәселелері кеңінен талқыланды.
Мұндай кездесулер жас қызметкерлердің кәсіби дамуына оң ықпал етіп, құқық қорғау органдарындағы сабақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтуға мүмкіндік береді.