Адал полицей» республикалық акциясы аясында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары

Адал полицей» республикалық акциясы аясында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары

Түркістан станциясының теміржол вокзалында «Адал полицей» республикалық акциясы аясында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Адал полицей» республикалық акциясын жүйелі түрде өткізуде. Аталған акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, полиция қызметінің ашықтығы мен жауапкершілігін күшейту.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Азаматтарға полиция қызметкерлеріне қандай да бір материалдық немесе өзге де сыйақы ұсыну заң талаптарына қайшы екендігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жолаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға және кез келген заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырды.