
Көліктегі полиция департаментінде жеке құрамның жазғы нысанды киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқау өткізілді. Сыртқы келбет пен саптық даярлықты тексеруге көлік полициясының барлық жеке құрамы қатысты.
Саптық байқау барысында Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оңдасын Аштаев нысанды киімнің жай-күйін, жетондар мен төсбелгілердің болуын, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, сондай-ақ қызметкерлердің саптық түзулігі мен сыртқы келбетін тексерді.
«Мұндай байқаулар саптық мәдениетті арттыруға, жеке құрам арасындағы тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтуға ықпал етеді. Тәртіп сақшыларының ұқыпты әрі жинақы келбеті азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі мен құрметін қалыптастырады», – деп атап өтті О. Аштаев.
Шынында да, полицейдің ұқыпты келбеті – оның ішкі тәртібі мен қызметтік рухының көрінісі. Бұл – қызметтік міндеттерді кәсіби деңгейде орындау үшін аса маңызды қасиеттер.
Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды.