Көлік полицейлері Ақтөбеде психотроптық заттарды өткізу арнасының жолын кесті

Көлік полицейлері Ақтөбеде психотроптық заттарды өткізу арнасының жолын кесті

2025 жылғы қыркүйек айында Ақтөбе қаласындағы теміржол желілері бойында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз өткізуге бағытталған қылмыстық әрекет жасағаны анықталды. Құқыққа қайшы әрекет Telegram мессенджерін пайдалану арқылы «жасырын қоймалар» (закладкалар) орналастыру жолымен байланыссыз тәсілде жүзеге асырылған.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық текті психотроптық зат, жалпы салмағы 20 грамм болатын «мефедрон» екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

2026 жылғы қаңтар айында Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.