
Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері «Нұрлы жол» вокзал кешенінде, сондай-ақ «Нұрлы жол-Алматы» және «Жезқазған-Астана» бағытындағыжолаушылар пойыздарында жедел-алдын алу шараларын жүргізді.
Басты ұстаным – «Заң жәнеТәртіп» қағидаты. Әсіресе, ол қоғамдық тәртіпті сақтау мыңдаған адамдардың қауіпсіздігімен тікелей байланысты көлік нысандарында зор маңызға ие. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алып, тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтарыдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.
Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев жаңа жылдық мереке күндері еліміздің барлық теміржол вокзалдары мен әуежайларында жолаушылар ағыны екі есе артатынын айтты. Осыған байланысты көлік полициясының жеке құрамы қызмет атақарудың күшейтілген тәртібіне ауыстырылды.
Полиция полковнигі теміржол вокзалдарына, әуежайларға, пойыздар мен ұшақтардың бортына қауіпті саналатын, яғни, атыс қаруы мен оқ-дәрілер, пышақтар, электрошокерлер, отшашулар және басқа да пиротехникалық заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатындығын ескертті. Мұндай заттардың оның иесінің де, басқалардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін есте сақтаған жөн.
Іс-шара барысында көлік полицейлері жолаушылармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса, олар азаматтардан жеке мүліктеріне мейілінше мұқият болуларын және оларды қараусыз қалдырмауларын сұрады.
Қызметтік-іздестіру иттермен вагондарды патрульдеу және тексеру барысында жолаушылар Кинологиялық қызмет орталығының инспекторларының жұмысына түсіністік танытты.
«Пойыздардың жол жүру кезеңінде полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруін құптаймыз. Бұл бізге тұрақты қауіпсіздік сезімін тудырады», - дейді жолсеріктер.
Еске саламыз: егер адам әуежайлар мен теміржол вокзалдарында, жолаушылар пойыздарында қылмыстың немесе басқа да құқықбұзушылықтардың құрбаны немесе куәгері болса, олар бұл туралы 8 (7172) 94-25-01 телефоны немесе 102 қызметі арқылы хабарлай алады. Азаматтарымыздың қырағылығы мен полицияға дер кезінде қоңырау шалуы құқықбұзушылықтың алдын алуға немесе қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектеседі.