Шетелдік жолаушы әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін рейстен түсірілді

Шетелдік жолаушы әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін рейстен түсірілді

2025 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінің бортында жасалған 574 құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар: алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу - 351 факті, әуе кемесінің бортында темекі шегу - 146 және т.б.

Мәселен, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне «Орал – Алматы» бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы акт бойынша берілді.

Тексеру барысында көлік полицейлері 33 жастағы Армения Республикасының азаматын анықтады. Ол ұшу кезінде авиациялық қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы тыйымды елемей, әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен.

Жолаушының әрекеті үшін заң аясында шара қолданылды. Шетелдік азамат әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК мөлшерінде (196 600 теңге) айыппұл салынды.

 

Еске саламыз, әуе кемелерінің бортында темекі шегуге және кез келген темекі өнімдерін пайдалануға қатаң тыйым салынады. Ұшу қауіпсіздігі  әрбір жолаушының жауапкершілігінен басталады.