Көліктегі ПД-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындыланды: 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Көліктегі ПД-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындыланды: 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және көлік инфрақұрылымы нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 11–13 желтоқсан аралығында Көліктегі полиция департаменті республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында көлік полицейлері 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты тіркеді. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде олардың 12-сі «ізін суытпай» ашылды. Жедел-іздестіру шаралары аясында іздеуде жүрген 12 адам ұсталды.

Іс-шара кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге ерекше назар аударылды. Нәтижесінде 1245 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қоғамдық орындарда тиісу 108 факті, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу 96 факті.

Сонымен қатар түнгі уақытта көлік нысандарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 24 кәмелетке толмаған анықталды. Олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталып, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында ЖПІШ өткізуге Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері тартылып қызметтік-іздестіру иттерімен жедел қызмет көрсету аумақтарында патрульдеу жүргізді.

Көліктегі полиция департаменті көлік нысандарында құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыра береді.