
Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі заттарын жасырын қойылымдар арқылы таратумен айналысқан күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 43 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталғаннан 5 грамнан астам «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Тергеу барысында ұсталған азамат синтетикалық есірткі заттарын әлеуметтік желілер арқылы сатып алып, оларды кейін Астана қаласы аумағында жасырын орындарға (закладка) бөліп, тарату арқылы заңсыз материалдық пайда табуды көздегенін мойындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.
Астана қ. мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының шешімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көліктегі ПД есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты кез келген әрекет қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Тәртіп сақшылары азаматтарды сақтық танытуға және тыйым салынған заттардың таралуына күдік тудыратын жағдайлар туралы дереу хабарлауға шақырады.