Көліктегі ПД: шетел азаматы акт бойынша «Маңғыстау–Алматы» пойызынан түсіріліп 5 тәулікке қамауға алынды

Көліктегі ПД: шетел азаматы акт бойынша  «Маңғыстау–Алматы» пойызынан түсіріліп 5 тәулікке қамауға алынды

2025 жылдың 11 айында Көліктегі полиция департаменті жолаушылар пойыздарында түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 669 тұлғаны анықтады. Оның ішінде 630 адам – қоғамдық орындарға мас күйінде келген, 17 адам – ұсақ бұзақылық жасаған және т.б.

Осыған ұқсас жағдай «Маңғыстау–Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу барысында тіркелді. Көлік сақшылары масаң күйде жүрген 30 жастағы Әзірбайжан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Жолаушы өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан.

Құқықбұзушы акті бойынша пойыздан түсіріліп, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен шетел азаматына 5 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындады.

 

Естеріңізге саламыз, теміржол көлігімен сапар барысында әрбір жолаушы қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға, агрессивті немесе тыныштықты бұзатын әрекеттерге жол бермеуге, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауға міндетті.