Көлік полицейлері күту залын ластаған шетелдік жолаушыны жауапкершілікке тартты

Көлік полицейлері күту залын ластаған шетелдік жолаушыны жауапкершілікке тартты

Ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 80 886 адамды жауапкершілікке тартты, олардың 7 049 – қоғамдық орындарды ластағаны үшін.

Қоғамдық тәртіпті бұзудың кезекті фактісі Астана қаласының халықаралық әуежайында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан анықталды. Екінші қабатты патрульдеу барысында ішкі әуе рейстеріне арналған күту залында полиция қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 47 жастағы азаматын анықтады. Ол қоғамдық мінез-құлық нормаларын бұзып, белгіленбеген жерде мұрнын сіңбіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орын­­­­­­­ды ластаған.

Көлік полицейлері құқықбұзушыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Көліктегі ПД қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Мұндай құқықбұзушылықтар айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, адамдар көп жиналатын орындардағы белгіленген тәртіпті бұзады.